«Біздің компания бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті 2000 жылдан бері жүзеге асырып келеді және ол Қазақстан қор биржасына шыққан алғашқы компаниялардың бірі болып табылады. Біздің брокерлер қазақстандықтарға жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелерді толық сүйемелдеу қызметтерін ұсынады. Қазпошта мамандарының көмегімен кез келген адам түрлі компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алу және сату, сондай-ақ осы компаниялардың пайдасынан дивидендтер алу арқылы салынған ақшадан кіріс ала отырып, капиталды инвестициялаумен және өсірумен айналыса алады. Қазпошта 5 жыл бойы KASE-ден алатын марапат біздің брокерлеріміздің жоғары кәсібилігі мен тиімділігін растайды», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев.
Казпошта 2021 жылы KASE белсенділігі бойынша «үлестік бағалы қағаздар» секторында 5-орында, Репо – да 8-орында, «борыштық бағалы қағаздар» секторында 17-орында тұр.
«KASE-көпфункционалды сауда алаңы, онда қатысушыларға валюталық, қор, мерзімді және ақша нарықтарының түрлі құралдарымен сауда жасау үшін толық инфрақұрылым қолжетімді. Бүгінгі таңда Қазпошта Қазақстан қор биржасының үш санатының екеуінде мүшелікке ие: 1999 жылғы қазаннан бастап «қор», 2019 жылғы қыркүйектен бастап «валюталық». Біз серіктесімізге жемісті көпжылдық ынтымақтастығы және халықтың бағалы қағаздар нарығында инвестициялау мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз», – деп атап өтті «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген.
Бүгінде Қазпоштаның клиенттік базасында 27 мыңнан астам ашық брокерлік шот бар. Компания акциялардың жергілікті нарығындағы негізгі брокерлердің бірі болып табылады және клиенттерге Қазақстан биржаларына – KASE және AIX-ке толыққанды қолжетімділікті ұсынады. Брокерлік шотқа қолжетімділік онлайн платформа арқылы жүзеге асырылады. Қазпошта бағалы қағаздардың жергілікті нарығында бәсекеге қабілетті тарифтер бойынша классикалық брокерлік қызметті ұсынады.