К 30-летию Независимости Казахстана | 28 маусым 09:39

Қазпошта «Қайырымдылық» тақырыбында марка шығарды

28 маусымда «Мемлекет саясаты» сериясынан «Қайырымдылық» тақырыбында пошта маркасы айналымға  енгізілді, деп хабарлады «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.

Пошта маркасының номиналы – «С» литері (380) теңге. Бұл Қазақстан Республикасының жер үсті көлігімен салмағы 50 граммға дейінгі тапсырысты хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді.

Пошта маркасы 9 мың данамен шығарылған. Офсеттік баспа, 4 бояуда, перфорациялық. Пішіні – 6 маркадан тұратын парақ. Өлшемі 18 х 40 мм. Ультракүлгін бояуынан қорғаныс элементі бар.

Пошта маркасының эскизін Президенттік бағдараламаларды қолдау қоры ұсынып, әзірлеген. 

Марка  ел аумағындағы пошта айналымына ғана жоспарланған.