Форум қатысушылар баспа БАҚ саласында тәжірибе, сондай-ақ кәсіби идеялармен алмасатын алаңға айналды.
Қазпошта баспа өнімдерін тарату және оқырмандарға жеткізу бойынша пошта байланысы операторы ретінде сөз сөйледі.
Айта кету керек, баспа мерзімді басылымдарын жеткізуді қамтамасыз ету пошта желісі арқылы жүзеге асырылады, ол бүгінгі күні 2746 өндірістік объектіден тұрады, оның 433-і қалалық жерде, 2313-і ауылдық жерде.
«Қазақстанда 2023 жылға жазылу бойынша 1761 басылым таратылады, оның ішінде 460 республикалық, 422-сі жергілікті басылымдар. 2022 жылдың статистикасына көз жүгіртетін болсақ, баспа мерзімді басылымдарға жазылуының 73%-ы ауылдық жерде, 27%-ы қалалық жерде қабылданады», – деді пошта қызметі жөніндегі басқарушы директор Сәуле Әбілбаева.`