К 30-летию Независимости Казахстана | 10 қаңтар 08:30

Қазпошта Қазақстанға британдық брендтерді жеткізуді жоспарлап отыр

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личпен кездесті.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселе Қазпошта мен Біріккен Корольдіктің компаниялары арасындағы ынтымақтастықты талқылау болды. Ұлттық пошта операторының британдық киім және косметика брендтерін жеткізуді жолға қою жоспары бар.

Ұлыбританиядан тауарларды пошта арқылы жеткізу саласындағы серіктестік қазақстандықтарға еуропалық брендтерге делдалсыз сатып алуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін Қазпошта Wildberries ірі маркетплейсінің Қазақстанда бизнесін кеңейту ниеті туралы меморандумға қол қойған болатын.