Бұл жаңашылдық еліміздегі пошта бөлімшелеріне енгізіледі. Әрбір бөлімшеге сканерлеуге арналған дербес QR-код беріледі.
Егер клиентте тиісті қосымша болмаса, онда Қазпошта қызметкерлері клиенттің ұсынған ЖСН арқылы мәртебені анықтауға көмектеседі. «Сары» және «қызыл» мәртебесі бар азаматтар пошта бөлімшелеріне және сәлемдемелер супермаркеттеріне уақытша кіргізілмейді.
Клиенттер GoPostHome қызметі арқылы сәлемдемелер супермаркетіндегі өзінің пошта жөнелтілімін үйіне дейін жеткізуге тапсырыс бере алады. Оны жеткізудің төлемақысы контактісіз қабылданады. Cонымен қатар 2021 жылғы 14 шілдедегі ақпарат бойынша компания қызметкерлерінің 50% жуығы екпе салдырды.
Өткізу жүйесін қолдану қазақстандықтар мен компания қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шара ретінде қабылданып отыр. Қазпошта бұл шараны қолдануға байланысты келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және клиенттерден пошта бөлімшелеріне немесе сәлемдемелер супермаркетіне баруды жоспарлаған кезде мұны ескеруді сұрайды.