«Александр Алексеевич және Надежда Ивановна – Қазпоштаның тұрақты клиенттері. 6 қаңтарда олар Ақсай шағын ауданындағы тәртіпсіздіктер салдарының куәсі болып, № 31 пошта бөлімшесінің тоналуына жол бермеді. Өтіп бара жатып, бөлімшедегі ашық есіктерді және ғимараттан заттарды алып шығып жатқан адамдарды көрді» деп жазды баспасөз қызметі.
Александр Алексеевичтің айтуынша, «Қазпошта» ғимаратының есігін сындырғандардың мақсаты тонау болған.
«Олардың мақсаты – тонау болды. Мен барлығынан ғимараттан шығуды талап еттім. Есік сынған болды да, жабылмады. Сондықтан мен кіреберісте орындық қойып, сол жерде тұрып, пошта қызметкерлері келгенше ешкімді кіргізбедім», – деді Александр Алексеевич.
Жуырда Алматы поштамтының жетекшісі Ақан Нысанов біздің ержүрек алматылықтарға алғыс хат пен шағын сыйлық табыс етті.