Салтанатты ашылу рәсімінде филиал директоры Қайрат Сағадиев филиалдың бірінші жарты жылдығындағы қорытындысына тоқталып, спорттың жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратынын атап өтті.
«Спартакиаданы өткізу корпоративтік рух пен ұжымның бірлігін дамытуда зор маңызға ие. Мықты қызметкерлер – ол салауатты өмір салтын ұстанатын ұжым, ұйымшыл қызметкерлер мен зор жауапкершілік сезімі», - деп атап өтті филиал директоры.
Спартакиада спорттың үш түрі бойынша өтті: волейбол, арқан тарту, эстафета. Сондай-ақ филиал қызметкерлері гір көтеру, ерлер мен әйелдер арасындағы үстел теннисі сынды жеке спорт түрлері бойынша да бақ сынасты.
Жарыс «Толған трамвай» командалық эстафетасымен аяқталса, екінші кезеңде қатысушылар қарбыз жеуден жарысты.
Ал, спорттық іс-шаралар аяқталғаннан кейін бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша жиын өтіп, онда жетекші және көрсеткіштер бойынша кейін қалған аудандар анықталды. Осылайша жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлық табысталса, қалып жатқан аудандарға «тасбақа» берілді.