Руслан - Қазпоштаның 10 жылдан бері қызметкері. Осы уақыт аралығында пошта тасымалдаушысынан бастап, түрлі қызмет атқарған.
3 жылдан бері жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысып келеді. Бұл оның үшінші чемпионаты. Кез келген жарыстан жүлдесіз қайтпайтын Русланның арманы - әлем чемпионы атану.