К 30-летию Независимости Казахстана | 08 маусым 13:01

Қазпошта қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламасы

Қазпошта Алматыда филиал қызметкерлеріне арнап қызметтерді сату бойынша семинар ұйымдастырды. Осылайша, сату жөніндегі мамандар, бас мамандар, сату бөлімінің басшылары, директорлардың бизнес жөніндегі орынбасарлары оқуға белсенді қатысты.

Оқыту бағдарламасы – қызметкерлерді ынталандырудың бір түрі болып табылады және ол өңірлік филиал ұжымдарын бір командаға біріктіреді. Семинарда қатысушылар сату техникасы, негізгі клиенттермен және наразылықтармен жұмыс істеу, клиентке бағдарланған сервис, сатылым процесін белсенді етуге жүйелі көзқарас және нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы инновациялар туралы мол ақпарат алды. Айта кетерлігі, мұндай семинар шамамен 8 жыл бұрын ұйымдастырылған.

«Сату жөніндегі тренинг біз үшін маңызды оқиға болды. Ол бізді ынталандырып, білімімізді толықтырды. Мұнда айтылған көптеген кейстер мен «брэйн штормдың» нәтижелерін енді мен өз жұмысымда пайдаланатын боламын. Сондай-ақ біз тәлімгермен бірге сату кезеңдеріне тоқталып, сату және іскерлік келіссөздер скриптерін пысықтадық. Мен клиенттерді тартуда қолданылатын жаңа әдістермен таныстым. Сондықтан алған білімі мен дағдыларымды шыңдап, білгенімді әріптестермен бөлісу үшін өз поштамтыма оралуды асыға күтіп тұрмын», - дейді Шымкент поштамты директорының орынбасары Алмагүл Жармұхамбетова.

Семинардан кейін сату бөлімшелерінің қызметкерлері, пошта тораптары басшылары сату дағдыларының маңызды екенін және сату бөлімшесінің жұмыскері - компанияның айнасы екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Оқу бағдарламасының қорытындысы ретінде қызметкерлерге сертификат берілді. Енді олар өңірлерге оралған соң, жергілікті жерлердегі қызметкерлерге арнап осындай оқу бағдарламасын өткізбек.