К 30-летию Независимости Казахстана | 17 мамыр 16:21

Қазпошта қызметкерлеріне «Үздік байланысшы» төсбелгісі табысталды

Бүгін Қазақстанда байланыс қызметкерлері күні атап өтіледі. Кәсіби мереке құрметіне орай, осы сала мамандарына "Үздік байланысшы" жоғары наградасы табысталды.

Марапатталғандар арасында Қазпоштаның 12 қызметкері де бар. Олар: Нұржан Жабаев, Асма Тастанова, Роман Сибагатуллин, Күлнар Кинжалинова, Ұлан Болатбеков, Күлбақыт Теңізбаева, Айтжамал Аппасова, Гүлайым Балғазина, Ару Нәдірғожина, Шолпан Жақанова, Хуршидам Багаева және Анар Ахметова.

"Қазпоштаның арқасында мен жетістікке жетіп қана қоймай, мол тәжірибе жинадым, сондай-ақ үлгілі ұжыммен әріптес болып, жақын достар таптым. Қазпошта 40 жыл ішінде менің екінші үйім атанса, ал мен – поштаның үлкен, тату ұжымының бір бөлшегіне айналдым", - дейді "Үздік байланысшы" марапатының иегері, Ақмола облысындағы поштаны сұрыптау және тасымалдау учаскесі басшысының орынбасары Анар Ахметова.