Индекстеу пайызы лауазымдық жалақы деңгейіне байланысты белгіленген. Индекстеудің максималды пайызы 25%-ды құрады. Ол жалақысы төмен лауазымдарға қолданылды. Компанияда барлығы 13,8 мың жұмыскердің лауазымдық жалақылары индекстелді. Бұл жалпы штат санының 93,5%-ы. Жүргізілген индекстеу қызметкерлердің орташа жалақысын 149,2 мың теңгеден 176,2 мың теңгеге дейін, оның ішінде өндірістік персонал бойынша – 135,1 мың теңгеден 160,5 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Бұдан бөлек, қызметкерлердің кірістерін арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2022 жылғы 1 сәуірден бастап Қазпошта жүргізушілер, пошта вагондарының, инкассаторлардың, фельдъегерлердің жолсеріктері үшін жол жүру сипаты үшін өтемақы мөлшерін ұлғайтты. Бұл жоғарыда аталған лауазымдардың 1 260 жұмыскерінің еңбек ақысын орта есеппен 17 мың теңгеге арттырады.
Сонымен қатар, Қазпошта қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту мақсатында:
2022 жылдың қаңтарынан бастап пошташыларға қоғамдық көлікте жүргені үшін ставкаға қарамастан толық мөлшерде өтемақы төлейді; скринингтік зерттеулерден өту үшін қызметкерлерге жалақысы сақтала отырып, үш күндік демалыс беріледі; жыл сайын 2 млн теңгеге балалардың сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар сатып алу және тағы басқа соманы ұлғайтады.Сондай-ақ, Қазпошта қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде еңбекақы төлеу қорынан үнемдеуді өндірістік персонал еңбекақысының ауыспалы бөлігін және лауазымдық айлықақыны арттыруға жібереді.