К 30-летию Независимости Казахстана | 24 наурыз 14:00

Қазпошта мамандары қан тапсырды

«Қазпошта» қызметкерлері «Қан тапсыр - жүректе із қалдыр» науқанына қатысып, жыл сайынғы дәстүрмен қан тапсырды.

Айта кетерлігі, компания қызметкерлері мұндай науқанға жылына екі рет қатысады. Бұл жолы да ұлттық пошта операторының 40 қызметкері қан тапсырып, науқан қатысушысы атанды.

Жалпы елімізде жасы 18-ден асқан, салмағы 50 келіден артық, донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ кез-келген дені сау адам қан доноры бола алады.

Қан тапсыру үшін, өзіңізбен бірге міндетті түрде жеке куәлігіңіз болуы қажет.