К 30-летию Независимости Казахстана | 08 қыркүйек 08:20

Қазпошта мен Конституциялық сот пошта маркаларын айналымға енгізді

«Конституциялық сот төрелігі: баршаға қадір-қасиет, бостандық және әділеттілік» атты халықаралық конференциясының ашылуында Қазпошта мен ҚР Конституциялық соты Конституция күніне және адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған почта маркаларын айналысқа шығарды.

Маркаларды айналысқа шығару салтанатты рәсіміне Қазақстан Республикасының Конситуциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова мен «Қазпошта» АҚ Төрағасы Әсел Жанасова қатысты.

Бұл ерекше маркалар блогы үш эксклюзивті дизайннан тұрады, ал жалпы таралым саны 10 000 дана.

Бұл маркалар өнердің теңдессіз үлгісі ғана емес, олар біздің тарихымыздың және Қазақстан негізге алатын қағидаттардың символы болып табылады.