К 30-летию Независимости Казахстана | 29 қараша 13:15

Қазпошта мен Қырғыз поштасының ынтымағы артады

Екі тарап поштаның негізгі қызметін оңтайландыру үшін жаңа өнім жасауға келісті.

«Қазпошта» АҚ мен «Қырғыз поштасы» ААҚ ынтымақтастығы аясында «Қырғыз поштасы» ААҚ өкілдері «Қазпошта» АҚ Ақпарат логистикалық орталығы» – «Оңтүстік» филиалына барып, онда «Қазпошта» АҚ-ның сату және маркетинг жөніндегі басқарушы директормен және «Қазпошта» АҚ Ақпарат-логистикалық орталығы» – «Оңтүстік» филиал директорымен кездесті.

Келіссөздердің мақсаты кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастық нығайту болды. Кездесу нәтижесінде компаниялар пошта жөнелтілімдерінің тарифтерін төмендетуге, сондай-ақ поштаның негізгі қызметін оңтайландыру үшін жаңа өнім жасауға келісті.