К 30-летию Независимости Казахстана | 18 қыркүйек 10:50

Қазпошта мен университет арасындағы меморандум

Қазпоштаның Ақтөбе облыстық филиалының басшысы мен Құдайберген Жұбанов атындағы АӨУ ректоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келіссөздерде студенттер арасында дәрістер мен бірлескен мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу мәселелері талқыланды.

Қазпоштаның «Оңтүстік» ақпараттық-логистикалық орталығы филиалы мемлекеттік тіл апталығын өткізді. Осылайша, ұжым іс қағаздарын мемлекеттік тілде әзірлеп, өзара хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізді.

Қызылордада қалалық пошта бөлімшесінің пошташысы Айзада Оразхожаева жылдар бойы адал еңбек етіп, зейнет жасына байланысты демалысқа шықты. Басшылық Айзадаға құрмет белгісі ретінде алғыс хап пен шағын сыйлық табыс етті.