К 30-летию Независимости Казахстана | 15 қараша 16:35

Қазпошта отандық стартаптарды қолдайды

«Қазпошта» АҚ қазақстандық стартаптардың бірімен меморандумға қол қойды. Бұл туралы компанияның басқарма төрайымы Әсел Жанасова Facebook парақшасында жазды.

"Жергілікті және халықаралық жүк тасымалы бөлігінде әріптестік жөнінде уағдаластық. Қазпошта пошта мен қаржы жүйесінің жұмысына инновациялардың енгізілуін қолдауға және жергілікті стартаптармен ынтымақтасуға дайын екенін атап өткім келеді. Біздің компания соңғы тұтынушыларға сервис пен қызметтерді ұсынатын инфрақұрылымға айналуы ықтимал", – деп жазды "Қазпошта" АҚ басшысы.

Әсел Жанасова, сондай-ақ, идеялары бар стартап өкілдерін келесі сенбіде өтетін митапта бас қосуға шақырды.

"Онда Қазпошта мен стартаперлер үшін бастапқы идеялар мен мүмкіндіктерді талқылайтын боламыз. Мәселен, бізге пошта бөлімшелерінде электрондық кезектің жүйесін әзірлеуге және компания қызметтерінің сапасын бағалауға арналған көмек құралы қажет. Баспа басылымдарын сұрыптау бойынша инновациялық жүйелерге саятын идеяларға қанық болғым келеді. Сонымен қатар бізді финтех саласындағы ұсыныстар да қызықтырады", – деді Әсел Жанасова.