К 30-летию Независимости Казахстана | 16 ақпан 15:09

Қазпошта Павлодардағы қызметкерлердің жалақысына қатысты түсініктеме берді

«Қазпошта» АҚ 2021 жылы курьерлік қызметтердің әлемдік тәжірибесін талдап, Қоғамның пошташылары мен курьер-жүргізушілерінің кірістерін ұлғайту қажеттілігін түсіне отырып, қызметкерлерді кесімді еңбекақысына ауыстыруды көздейтін «Біздің адамдар» пилоттық жобасын іске қосу туралы шешім қабылдады. Жоба принципі – әрбір курьер орындалған нақты жұмыс көлеміне байланысты төлем алады. Басқаша айтқанда,»қанша жасады – сонша алды».

Мәселен, 2021 жылғы маусымда осы қағидат бойынша курьерлік жүргізушілер жұмыс істей бастады, олар бұрынғыға қарағанда 19%-ға жоғары (орта есеппен 156 мың теңге) төлем ала бастады. Осы оң тәжірибені ескере отырып, 01.09.2021 жылдан бастап Қоғамның жаяу курьерлеріне (пошташыларына) олардың табысын арттыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін ақы төлеудің осындай принципіне ауыстыру туралы шешім қабылданды. Қоғамда барлығы 715 штаттық бірлік ауыстырылды.

Жоба енгізілгенге дейін өңірлердегі пошташылар айына шамамен 70 мың теңге көлемінде орташа жалақы алатын. Бүгінгі таңда 1 пошташы орташа есеппен 90 мың теңге төлем алады. Осылайша, жаяу курьерлердің 70% айлық және жылдық кірістері 28,6%-ға өсті. Мысалы, егер бұрын пошташының орташа жылдық табысы 1 миллион теңгені құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 1 млн 250 мың теңгені құрайды, бұл 25%-ға жоғары. Атап айтқанда, курьерлердің 43%ы ай сайын 80нен 100 мың теңгеге дейін, 16%-ы – 100ден 130 мың теңгеге дейін, 8,5%-ы -130дан 240 мың теңгеге дейін төлем алады.

Курьерлік компаниялардың халықаралық тәжірибесі кесімді еңбекақының жоғары тиімділігін көрсетті. Қазақстанда жұмыс істейтін жеке курьерлік қызметтерге қарағанда, «Қазпошта» АҚ әлеуметтік-бағытталған ұйым ретінде курьерлерге кепілдендірілген тұрақты бөлігін төлейді.

Сонымен бірге, 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап компания өндірістік персоналдың жалақысын да, компанияның жаяу курьерлеріне кепілдік берілген төлемді де 20%-ға индексациялағанын еске саламыз. Әлеуметтік міндеттемелерді қолдай отырып, компания міндетті зейнетақы жарналарын, ӘМСҚ-ға медициналық есептерді, әрбір жаяу курьер үшін жеке табыс салығын жүргізеді.

Айта кетейік, 2022 жылдың басында курьерлердің жөнелтімдерді жеткізу қызметі 8 қаңтардан басталды.

«Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалында жобаны енгізгенге дейін айына орташа жалақы 67 мың теңгені құрағанын, ал 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап бұл көрсеткіш 104 мың теңгені құрағанын атап өту қажет.  

Сонымен қатар, "Қазпошта" АҚ-ға кесімді еңбекақы төлеуге зейнеткерлік жас алдындағы қызметкерлер мен әлеуметтік осал қызметкерлер ауыстырылмайды.