К 30-летию Независимости Казахстана | 13 маусым 14:52

Қазпошта серверлерінен ешқандай ақпарат сыртқа шыққан жоқ

«Қазпошта» АҚ интернетте компания клиенттерінің деректер базасын сатуы туралы хабарлама жасады.

Хакерлік форумда «Қазпошта» АҚ деректер қорының бэкап серверіне кіру туралы хабарландыру жариялаған жеке тұлға компанияны бопсалау мақсатында бірнеше мың долларға ақпаратты сатып алуды ұсынып, бірнеше мәрте жүгінген болатын.

Қазпошта серверлерінен ешқандай ақпарат сыртқа шыққан жоқ.

«Қазпошта» АҚ осы хабарландыру жарияланғанға дейін бопсалау туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берді. Бұл мәселені «Қазпошта» АҚ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жеке тұлғаны жауапкершілікке тарту үшін пысықтап жатыр.