Қазпоштамен әріптестік арқылы бизнес өкілі ең аз салымдармен пошталық, қаржылық және агенттік қызметтер бойынша бизнестің пысықталған моделін дамытуды бастай алады.
Қолдануға дайын ұсыныстар, ретке қойылған технологиялық үрдістер, жеңіл қалыптастырылатын клиенттік база, танымал бренд, зияткерлік меншік және «Қазпошта» АҚ тәжірибесі кәсіпкерлер үшін бизнесті бастау үшін жақсы іргетас болып табылады.
Серіктес дайын бизнес-үдерісті қабылдай отырып, кәсіпті жүргізудің оңтайлы моделі мен стратегиясын әзірлеу үшін өз уақыты мен ақшасын инвестициялау бойынша шығындарды болдырмайды, табысты оқиғаларды, шешімдер базасын және тәуекелдерді басқару саясатын әзірлеу қажеттілігі болмайды.
Қазпошта өз тарапынан кәсіпкерлерді компания атынан қызмет көрсету бойынша оқытуға, бизнесті дамытудың қадамдық жоспарын түсіндіруге, жинақталған тәжірибе мен әзірлемелерді ұсынуға, пошта жөнелтілімдерін жөнелтуді логистикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ маркетингтік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Толық ақпаратпен Post.kz сайтында (https://post.kz/franchising) немесе Қазпошта облыстық филиалдарының орталық операциялық учаскелерінде танысуға болады.