К 30-летию Независимости Казахстана | 07 маусым 13:55

Қазпошта топ-менеджменті ШҚО филиалы ұжымымен кездесті

Еңбек ұжымы компанияның бизнес-стратегиясымен танысты.

Қазпоштаның басқарма төрағасы Әсел Жанасова, басқарушы директорлар Ержан Қазанбаев пен Шолпан Абирова Шығыс Қазақстан облысындағы филиалға барды. Компанияның топ-менеджменті қызметкерлермен кездесіп, оларға қазіргі таңда Қазпоштаның барлық командасы жұмыс істеп жатқан бизнес-стратегияны таныстырды.

Стратегиялық бастамалардан басқа, Әсел Жанасова әріптестерімен бірлесіп шешуді қажет ететін проблемалық мәселелерді де талқылады.