Қазпошта тек пошталық қана емес, бірқатар маңызды қаржылық қызметтер де көрсетеді. Оның ішінде зейнетақы төлеу де бар. Компания зейнетақы алу үшін келесі жеңілдікті шарттар ұсынады:
Картаны тегін ашу; Картаға бірінші жыл тегін қызмет көрсету, бұдан әрі - жылына 300 теңге; Әрбір сатып алудан 1% кепілді ақшаны қайтару (картамен төлеген кезде); Ұялы қосымша арқылы және post.kz сайтында коммуналдық және басқа да төлемдерді төлеу кезінде 0% комиссия; Қазпошта бөлімшелері арқылы төлеу кезінде 50 теңге көлемінде жеңілдік тарифін ұсыну; Қазпошта банкоматтары арқылы комиссиясыз ақша қаражатын алу; Зейнетақының түскені туралы СМС ақпараттандыруды қосу - айына 150 теңге немесе post.kz мобильді қосымшасында тегін.