К 30-летию Независимости Казахстана | 04 сәуір 08:25

Қазпоштада екінші жарты жылдыққа газет пен журналдарға жазылу науқаны басталды

Қазақстандықтар науқан аясында отандық және шетелдік басылымдарға жазыла алады.

Қазпоштада екінші жарты жылдыққа мерзімді басылымдарға жазылу науқаны басталды. Осылайша ел тұрғындары 3 сәуірден 25 маусымға дейін – кез келген қазақстандық отандық газет-журналдарға, ал 3 сәуірден 10 маусымға дейін – шетелдік басылымдарға жазыла алады.

Айта кетерлігі, жыл сайын қазақстандықтар түрлі басылымдарға Қазпошта бөлімшелері арқылы жазылып жатады. Ұлттық пошта операторы газет-журналдарды еліміздің кез келген өңіріне жеткізе алады.

Жазылу науқаны аясында қандай басылымдарды алуға болатыны жайлы ақпаратты келесі сілтемеден білесе аласыздар:

2023 жылға арналған мерзімді басылымдардың каталогы