К 30-летию Независимости Казахстана | 02 желтоқсан 08:20

Қазпоштаға келген министрлер мерзімді баспасөзге жазылды

Басылымдарға жазылу науқаны аясында елорданың поштасында «Қазпошта» қызметкерлері Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке балаларға арналған мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды ресімдеді.

Қонақтар баспа түріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өзектілігін жоғалтпайтынын еске салды. Басылымдардың өзектілігін сақтауда «Жазылушылар күнін» өткізудің маңызы зор.

Биыл «Жазылушылар күні» Маңғыстау, Ақмола, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстық филиалдарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының поштамттарында өтті.

Іс-шаралар барысында басылымдар жазылушыларға сыйлықтар ойнатты, ал республикалық «Айқын» және «Литер» газеттері болашақ жазылушыларының арасында смартфондар ойнатады.

 

«Жазылым науқаны 3-қазанда басталып, 25-желтоқсанға дейін жалғасады. 1 желтоқсанда Қазпошта бөлімшелерінде 11 млн данаға жазылу рәсімделді, 30%-ы қалаларда болса, 70%-ы ауылдық жерлерде рәсімделді», – деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

 

Қазпошта ақпарат комитетінің бастамасы бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өңірлерге басылымдарды уақтылы жеткізу бойынша міндетті өзіне алады. БАҚ редакциялары мен логистика және жеткізу бойынша жауапты Қазпошта қызметкерлері арасында жедел ақпарат алмасу Қазпошта қолдауымен құрылған чатта жүріп жатыр.