К 30-летию Независимости Казахстана | 13 қазан 09:15

Қазпоштаның «Алтын көгершіндері» кімдер?

Дүниежүзілік пошта күніне орай «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалында «Алтын көгершін» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл туралы компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.

Аймақтағы пошта бөлімшелерінің қызметкерлері 9 аталым бойынша марапатталды:

«Үздік ауылдық пошташы» – Светлана Смирнова; «Үздік қалалық пошташы» – Наталья Кунц; «Үздік сұрыптаушы» – Сания Аркулова; «Үздік байланыс операторы» – Айдана Мақсұт; «Ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің үздік бастығы» – Светлана Грибенюк; «Қалалық пошта байланысы бөлімшесінің үздік бастығы» – Любовь Соболева; «Үздік жүргізуші» – Еркебұлан Балғымбаев; «Үздік инкассатор» – Айдархан Жақыпов; «Үздік фельдъегер» – Олег Аникин.

Сондай-ақ, компанияның дамуына қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі мен ісіне жауапкершілігі үшін облыстық филиал қызметкерлері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.