Пошта саласы үшін эталондық басылымның халықаралық сарапшылары компанияның 2023 жылғы табысының едәуір өскенін атап өтті: кірістер 38%-ға өсіп, 192 млн АҚШ долларына (86 млрд теңге) жетті, ал таза пайда 5,5 млн АҚШ долларын (2,4 млрд теңге) құрады.
Дәстүрлі пошта қызметтеріне сұраныстың төмендеуіне қарамастан, компанияның пошта қызметтерінен түсетін кірісі 9%-ға өскен, әсіресе қаржылық қызметтер мен бизнес бағытының осы тұста алар орны ерекше.
Parcel and Postal Technology International атап өткендей, Қазпошта құбылмалы нарық жағдайларына бейімделіп қана қоймай, сонымен қатар көлік пен логистиканың перспективалы секторларында белсенді дамып келеді, бұл оның пошта саласындағы маңызды рөлін айқындай түсуде.