Марапатталғандар арасында Алматы облыстық филиалынан Гүлнар Жазылбекова мен Түркістан облыстық филиалынан Нұрсұлу Егембердиева да бар. Олар "Самұрық-Қазына" АҚ құрмет грамоталарымен марапатталған еді.
Гүлнар Жазылбекова филиалда 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. 2016 жылы ол пошта бөлімшесіне ұрлыққа келген қарақшыларға қарсы тұрып, оның мүлкін қорғап қалған. Қазір ол филиалдағы қызметтердің сапасын бақылау секторын басқарады.
Ал Нұрсұлу Егембердиева Түркістан филиалында сұрыптаушы болып жұмыс істейді. Күн сайын сұрыптау басқармасы арқылы 2000 шығыс, 1500 кіріс пошта жөнелтілімдері мен халықаралық транзиттік пошта өңделеді. Нұрсұлу хаттар мен сәлемдемелерді сұрыптап, адамдардың бір-біріне жақын болуына жол ашатын жандардың бірі.