Турнирге Ақтөбе облысының НОД ЖТ-11, Илецк ВЧДЭ, Ақтау Құрық порты және ТЧЭ-3 Атырау командалары қатысты. Ойыншылар сайысқа тыңғылықты дайындалғаны байқалды. Жарыс ерекше талас-тартыспен өтті. Төрт команда бір-біріне оңайлықпен беріле қоймады. Ұпай жіберіп алғаны қарымта қайтару үшін шабуылды үдетіп, жаңа ойын тәсілдерін қолдануға көшеді. Жанкүйерлер де қиқулап стадионды бастарына көшірді.
Қысқасы, батыс аймағының кубогын жеңіп алу үшін ойыншылар барын салды. Ақыр соңында маңғыстаулық Құрық порты командасының басымдығы айқын сезіліп, жүлделі бірінші орынды иемденді. 2-орынды Атырау локомотив депосының командасы, 3-орынды Ақтөбе, ал 4-орынды Илецк ВЧДЭ командасы иеленді. Атырау ЖТ бөлімшесі кәсіподағының спорт секторы Р.Иманғазиевтің айтуынша, енді маңғыстаулықтар командасы Орал қаласында өтетін «Қазпрофтранс-2024» Кубогының ақтық сайысында өнер көрсетеді.
Қосұйым Мұқашев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"