Биылғы 8 айда жоспарлы жөндеу түрлерімен "Қазтеміртранс" АҚ-ның 5 мыңнан астам жүк вагоны жөнделді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артық.
"Қазтеміртранс" АҚ жүру жолында жылжымалы құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жартылай жүк вагондарына кезең-кезеңімен деполық жөндеу жүргізеді.