Осы жылдың басындағы жағдай бойынша «Қазтеміртранс» АҚ паркінде барлығы 40 мыңға жуық жүк вагоны бар.
Пайдаланудағы вагон паркінің техникалық жай-күйі вагондардың сенімділігімен, жоспарлы жөндеу түрлерінің сапасымен және басқа да сипаттамаларымен айқындалады. Әр жылға арналған мерзімді жөндеуге қажеттілік жоспарлары вагон паркінің жағдайын ескере отырып белгіленеді. Бүгінгі таңда 18 вагон жөндеу депосы «Қазтеміртранс» АҚ вагондары үшін жоспарлы жөндеу түрлерін жүргізуде.