К 30-летию Независимости Казахстана | 30 наурыз 11:32

Қазтеміртранс қайта кәдеге жарату үшін 30 келіден астам батарея тапсырды

«Батареяны тапсыр да, кірпіні құтқар!» экологиялық жобасына «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен барлық еншілес ұйымдары белсенді қатысуда, деп хабарлады Rail-news.kz.  

Акция аясында компаниялар тобының барлық кеңселерінде қызмет ету мерзімі біткен батареяларды жинауға арналған контейнерлер орнатылған.

«Бұл акция қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізіледі. Техникалық сабақтарда біз қызметкерлерге қайта өңдеу және кәдеге жарату қажеттілігі, сондай-ақ батарея құрамының қауіптілігі туралы айтамыз. Көптеген жұмысшылар белсенді қатысып, табиғатты қорғауға үлес қосуда», – дейді ҚТТ еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік тобы.

Бір батареяның өзі адам мен табиғат үшін үлкен қауіптің көзі болып табылады, ол 100 жыл бойы ыдырайды. Оның құрамында 400 литр суды, 20 шаршы метр жерді ластайтын ауыр металлдар бар. Ол екі ағаштың, екі көртышқанның, бір кірпінің және бірнеше мың құрттың тіршілік ету ортасы. Әлемде жыл сайын 20 млрд-тан астам батарея өндіріледі. Бұл шамамен 5000 футбол алаңының аумағын қамтуы мүмкін немесе Ұлы қытай қабырғасының 114-ке көбейтілген ұзындығына тең.

Батареялардың келтірер зиянын азайту үшін оларды жинап, кәдеге жарату керек.

«Батареяны тапсыр да, кірпіні құтқар!» жобасының арқасында былтыр «Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлері арнайы мекемелерге кәдеге жаратуға 31,849 кг батарея тапсырды.