К 30-летию Независимости Казахстана | 10 мамыр 16:29

Қазтеміртранстың табиғатты қорғау қызметі жөніндегі іс-шаралар жоспары толық орындалды

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ-ның табиғатты қорғау қызметі бойынша 14 іс-шарасы орындалды. Іс-шаралар жоспары теміржолдың қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында жасалады, деп хабарлады Rail-news.kz.

Компанияда табиғат қорғау заңнамасы талаптарын сақтау бөлігінде өндірістік экологиялық бақылау қамтамасыз етіледі. Қалдықтарды қайта өңдеуге көп көңіл бөлінеді. Мәселен, өткен жылы 300 тонна қауіпті емес қалдықтар мен 400 кг. жуық қауіпті қалдықтар мамандандырылған ұйымдарға қайта өңдеуге берілді.

Мамандандырылған ұйымда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға жауапты 6 қызметкер оқудан өтті.

Айта кетейік, теміржол әлемдегі ең экологиялық көлік түрлерінің бірі болып саналады.