«Осылайша, «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы газды тасымалдап қана қоймай, сонымен бірге газ және газбен жабдықтау саласындағы толыққанды ұлттық операторға айналады», - деді Ахметжан Есімов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» қорының Басқарушылар кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТрансГазды» «ҚазМұнайГаздан» «Самұрық-Қазына» қорына тікелей бағындыру міндетін қойған болатын.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор құруды тапсырды.