К 30-летию Независимости Казахстана | 03 маусым 11:30

Қазтрансгаз Тбилисидегі газ жарылысын тексеріп жатыр

"Қазтрансгаз-Тбилиси" АҚ Грузия астанасы Тбилиси қаласының Сабуртало ауданындағы Чиладзе көшесінде болған жарылысқа, алдын ала деректер бойынша, газ плитасының жабылмай қалған краны себеп болғанын мәлімдеді. Салдарында тұрғын үй мен ондағы адамдар зардап шеккен.  

Үш адамның терісін жеңіл күйік шалғаны хабарлануда. Ал толық мән-жай тексеріс аяқталғанда мәлім болмақ.

"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.