К 30-летию Независимости Казахстана | 16 тамыз 12:00

ҚазТрансОйл 2023 I жартыжылдықтағы қаржылық қорытындыларын хабарлады

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған түсімі 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша 136 млрд 914,5 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың бірінші жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 17,6% жоғары.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған таза пайдасы 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша 20 млрд 322,3 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың бірінші жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 28,4% жоғары.

«ҚазТрансОйл» АҚ жеке түсімі 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша 111 млрд 956,8 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың бірінші жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 16,8% жоғары.

«ҚазТрансОйл» АҚ жеке таза пайдасы 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша 8 млрд 684,7 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың бірінші жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 8,2% төмен.