ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы — ҚазТрансОйл (ҚТО) еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бюджетіне 15,7 млрд теңге көлемінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді аударды.
2025 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда өсім 7,5% құрады. ҚТО жалпы сомадан 10,6 млрд теңге жеке салық төледі, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14% жоғары, оның ішінде:
республикалық бюджетке ең ірі төлем — 3,3 млрд теңге көлеміндегі корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге ең ірі төлемдер — 3,5 млрд теңге көлеміндегі мүлік салығы жеке табыс салығы — 2,1 млрд теңге, әлеуметтік салық — 1,7 млрд теңге.Салық міндеттемелерін сенімді орындауды және бизнесті ашық жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ҚТО елдің тұрақты дамуына және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.