К 30-летию Независимости Казахстана | 13 наурыз 10:26

«ҚазТрансОйл» АҚ эмитент күнін өткізді

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов пен бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандарымен және БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Қазақстан қор биржасының (KASE) Эмитент күні аясында өткен кездесу «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2022 жылғы қаржылық көрсеткіштеріне арналды.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған түсім көлемі 255 млрд 627,3 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 7,3% жоғары.

Кездесуде сондай-ақ «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбырын қайта жаңарту және кеңейту – 1 кезең» инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды.

Сонымен қатар, инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары және БАҚ өкілдері «ҚазТрансОйл» АҚ көрсететін қызмет тарифтері, күрделі салымдар, мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру, жалпы және әкімшілік шығыстары бойынша сұрақтарға толық жауаптар алды.