К 30-летию Независимости Казахстана | 21 октября 11:45

«ҚазТрансОйл» АҚ Грузиядағы активі 2026 жылдың 9 айында энергия тиімділігін арттырды

2026 жылдың 9 айында «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымы – «Батуми мұнай терминалы» ЖШС электр энергиясын тұтынуды өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,1%-ға, ал табиғи газды тұтынуды 41,8%-ға қысқартты.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 9 айында Батуми мұнай терминалы 8 млн 585 мың кВт·сағ электр энергиясын тұтынса, осы жылдың есепті кезеңінде бұл көрсеткіш 6 млн 599 мың кВт·сағ құрады. Осылайша, электр энергиясын тұтыну көлемі 1 млн 986 мың кВт·сағ-қа азайды.

Айталық, 2025 жылдың 9 айында Батуми мұнай терминалы 9 млн 501 мың м³ табиғи газ тұтынған болса, осы жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 5 млн 527 мың м³-ті құрады. Нәтижесінде табиғи газды тұтыну көлемі 3 млн 974 мың м³-ке қысқарды.

Сонымен қатар Батуми мұнай терминалында мұнай өнімдерінің барлық түрін ауыстырып тиеудің әр тоннасына шаққандағы электр энергиясының үлестік шығыны 2025 жылдың есепті кезеңіндегі 3,08 кВт·сағ/тонна көрсеткішінен 2,29 кВт·сағ/тоннаға дейін төмендеді. Төмендеу шамамен 26%-ды құрады.

Жүк ауыстырып тиеудің әр тоннасына шаққандағы газдың үлестік шығыны да 2025 жылдың 9 айындағы 6,59 м³/тоннадан 4,62 м³/тоннаға дейін азайды. Бұл көрсеткіш шамамен 30%-ға төмендеді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Батуми мұнай терминалында энергия ресурстарын үнемдеу нәтижесінде алынған экономикалық тиімділік 1 млн 617 мың АҚШ долларын құрады.

Энергия тиімділігінің артуына энергия ресурстарын ұтымды пайдалану және өндірістік процестерді оңтайландыру, технологиялық операцияларды басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу, сондай-ақ Батуми мұнай терминалының жабдықтарын жаңғырту бағытында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізілді.