К 30-летию Независимости Казахстана | 14 октября 11:33

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкері мемлекеттік наградамен марапатталды

«ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының тірек апаттық-қалпына келтіру пунктінің жүк тиегіш жүргізушісі Амангелді Қорғамбеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров табыстады.

«ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов әріптесімізді құттықтап, бұл марапат оның көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігіне берілген лайықты баға екенін атап өтті. ️

Амангелді Қорғамбеков еңбек жолын 1997 жылғы қарашада Жезқазған мұнай құбыры басқармасының «Қарақойын» БМАС апаттық-қалпына келтіру пунктінде жүк тиегіш машинисі болып бастаған. Содан бері ол 29 жылға жуық уақыт бойы компанияның өндірістік міндеттерін орындауға өз үлесін қосып келеді.

Әріптесімізді лайықты мемлекеттік наградасымен құттықтаймыз!