Қазіргі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнайды тасымалдау белгіленген технологиялық режимдерде жүзеге асып жатыр. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай беру кестесіне сәйкес мұнайды толық көлемде тасымалдаудың техникалық мүмкіндігінің бар екенін растайды. Дегенмен, мұнай тасымалдаудың нақты көлемі мұнай компанияларының жолдайтын өтінімдеріне байланысты.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 3 шілдесінде «МАЭК» ЖШС жылу электр орталығының №1 энергоблогының апатты түрде сөнуі салдарынан еліміздің батыс өңіріндегі Маңғыстау және Атырау электр торабының тұтынушыларын электрмен жабдықтау жұмысы шектелген еді. Жүйелі апаттардың салдарынан «ҚазТрансОйл» АҚ-тың тоғыз МАС жұмысы жоспардан тыс тоқтап, он екі МАС жұмысына уақытша шектеулер енгізілген болатын.