К 30-летию Независимости Казахстана | 23 қазан 09:00

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау тарифі өзгереді

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізудің 90%-дан астамын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Төрағасының 2024 жылғы 16 қазандағы бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 30 қарашаға дейін магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке «ҚазТрансОйл» АҚ уақытша өтемдік тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін (ҚҚС-сыз) 4 461,76 теңге мөлшерінде қолданысқа енгізіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізудің 90%-дан астамын қамтамасыз етеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбырлары бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. 5,4 мың км ұзындықта әртараптандырылған магистральдық мұнай құбырларын иеленеді және 5 мың км-ден астам үшінші тарап ұйымдарының құбырларына қызмет көрсету бойынша операторлық қызметтер көрсетеді.