Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку порты бағытында мұнай тасымалдау көлемі 870 мың тоннаға ұлғайып, 990,2 мың тоннаны құрады. Махачкала порты бағытында Ақтау портынан 1 млн 494,6 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда 5,9 мың тоннаға аз.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін ұлғайтуды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры бағытында Теңіз кен орнынан жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасасты.