5-8 сәуірге дейін Жайық өзенінің жағалау бекіністерін қалпына келтіру жұмыстары аясында топырақ әкелу бойынша 535 рейс жүзеге асырылды, 2070 метр жағалау бекінісі қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда.
Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстарға «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 44 қызметкері қатысуда.
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына шамамен 80 млн теңге аударды.