К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қыркүйек 14:16

ҚазТрансОйл басшылығы Бейжіңде қытайлық серіктестермен кездесті

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Талғат Құрманбаев бастаған басшылығы Бейжіңге жұмыс сапарымен барды, онда қытайлық серіктестер Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының (CNPC Exploration and Development Company Ltd. ) өкілі Мэн Сяндун мырзамен кездесті.

Кездесуде тараптар «СБҚК МұнайТас» ЖШС мен «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС бірлескен кәсіпорындарын басқару аясындағы ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, «Кеңқияқ-Атырау» және «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық мұнай құбырын кеңейту жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Тараптар екі елдің стратегиялық және ұзақ мерзімді мүдделерін ескере отырып, бірлескен кәсіпорындарды басқару шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытып нығайтуға бейінділігін растады.