К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қаңтар 08:30

ҚазТрансОйл бір жылда 41 млн 224 мың тонна мұнай тасымалдады

«ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылдың өндірістік қорытындысын шығарды. Есепті кезеңде мұнай тасымалдау және жүк айналымы бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалуы қамтамасыз етілді.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай тасымалдау көлемі 41 млн 224 мың тонна мұнайды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 млн 74 мың тоннаға аз. Бұл көрсеткіштің төмендеуі 2021 жылы ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша қабылданған міндеттемелерді және жетілген кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи төмендеуін ескере отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ Бизнес-жоспарында көзделген болатын.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 1 млн 329 мың тоннаға артып, 16 млн 939 мың тоннаны құрады. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 5 млн 452 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – 5 млн 169 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай-химия зауыты»  ЖШС – 5 млн 389 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС – 929 мың тонна мұнай жеткізді.

«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 12 млн 173 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 2 млн 305 мың тоннаға аз.

«ТОН-2» мұнай құбырының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан учаскесі бойынша 11 млн 2 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 60 мың тоннаға артық.

«Атасу – Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 10 млн 957 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2020 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 407 мың тоннаға артты. «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ»  АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 490 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12 мың тоннаға аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалана отырып, Ақтау портындағы танкерлерге мұнай құю 2 млн 106 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 8 мың тоннаға артық. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай жүкайналымы 35 млрд 162 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 737 млн тонна-километрге аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған мұнай жүкайналымы 43 млрд 837 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 80 млн тонна-километрге артық. «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 17 млн 411 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылға қарағанда 1 млн 528 мың тоннаға артық. Мұнай жүкайналымы 15 млрд 592 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылғы нәтижеден 1 млрд 224 млн тонна-километрге артық.

«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4 млн 273 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 952 мың тоннаға артық. Мұнай жүкайналымы 403 млн тонна-километрге артып, 1 млрд 725 млн тонна-километрді құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 324 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 274 мың тоннаға артық.

«Магистральдық Суағызғы»  ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» сутартқышы бойынша Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 29 млн 387 мың текше метр тұщы су берді, 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда су жеткізу көлемінің ұлғаюы 981 мың текше метрді құрады.