Жаңа нысандар компанияның Шығыс операторлық қызметтер басқармасы (ШОҚБ) қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалуына, спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасайды. Алаңдар басқарманың әкімшілік ғимаратына жақын орналасқан компанияның 42 пәтерлі жатақханасының ауласында салынды.
Жоба аясында жатақхана аумағының 1 772 шаршы метр жері абаттандырылып, 35 ағаш отырғызылды. Сонымен қатар 726 шаршы метр аумаққа көгал төселді.
Жаңа инфрақұрылым қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылданып, белсенді демалуға және балаларымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік береді.