К 30-летию Независимости Казахстана | 26 ноября 12:03

ҚазТрансОйл өзінің өндірістік нысандарында энергия үнемдеуді оңтайландырды

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жариялаған энергия тиімділігі жылы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бағдарламасында көзделген іс-шаралардың барлық кешенін орындады. Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Қаламқас» бас мұнай айдау станциясында бұрынғы НМ 1250/260 агрегаты орнына өнімділігі 500 м³/сағ болатын жаңа сорғы агрегаты орнатылды. Бұл «Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау» магистралды мұнай құбырындағы «Қаламқас – Қаражанбас» учаскесінде мұнай тасымалдауға жұмсалатын электр энергиясының үлестік шығынын 18%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

Атырау мұнай құбыры басқармасына қарасты Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында НМ 3600/230 магистралды сорғы агрегаты қуаты 1250 м³/сағ агрегатқа ауыстырылды. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде жылдық электр энергиясы шамамен 1,5 млн кВт•сағ үнемделеді деп күтілуде. Жезқазған мұнай құбыры басқармасына қарасты МАС-2 және Б.Жұмағалиев атындағы БМАС-та екі СТДП-1250 синхронды электр қозғалтқышы заманауи асинхронды электр қозғалтқыштарына ауыстырылды. Электр энергиясын тұтынуды қысқарту бойынша күтілетін жылдық нәтиже — 300 мың кВт•сағ.

Сонымен қатар «Өзен – Атырау – Самара» магистралды мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесінде температуралық режимді оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «ыстық» мұнай құбырының осы учаскесінде жолай мұнайды қыздыруға пайдаланылатын газ көлемі жылына шамамен 9 млн м³ қысқарды.

Іске асырылған жобалар энергия ресурстарын айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізуге мүмкіндік берді және энергия тұтынуды басқарудың жүйелі тәсілінің тиімділігін растады.