К 30-летию Независимости Казахстана | 22 мамыр 14:13

ҚазТрансОйлда Fitch Ratings агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті

«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында Fitch Ratings Ltd рейтингтік агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара «ҚазТрансОйл» АҚ кредиттік рейтингіне жыл сайынғы шолу шеңберінде ұйымдастырылды. Кездесуге «ҚазТрансОйл» АҚ басшылық құрамы мен  мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында 2022 жылдың және 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша қызметтің өндірістік нәтижелері, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ даму перспективалары талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 маусымда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитентінің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «ВВВ» – деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты» болды.