К 30-летию Независимости Казахстана | 10 наурыз 09:20

ҚазТрансОйлдың 2022 жылғы түсімі 255,6 млрд теңгені құрады

2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған түсім көлемі 255 млрд 627,3 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 7,3% жоғары.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 19 млрд 801,7 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың нәтижесінен 60,9% төмен.

Сонымен бірге, 2022 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке түсімі 212 млрд 136,2 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас көрсеткіштен 1,3% төмен.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке таза пайдасы 8 млрд 369,3 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 78,3% төмен.