К 30-летию Независимости Казахстана | 27 маусым 14:53

ҚБМ: 50 жылдыққа – 50 велоспиед

Қаражанбас кен орнынан алғашқы мұнай бұрқағының атқылағанына жарты ғасыр толуына орай игі істер акциясы жалғасын тапты. Бұл жолы компания басшылығы облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне тосын сый жасап, су жаңавелосипедтер тарту етті.

«Мекемеміздің мерейтойы қарсаңында біз сіздерді назардан тыс қалдырмай, осылай қуантуды жөн санадық. Сіздердің араларыңызда болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтар мен Винокуров сияқты чемпион велошабандоздар шығатынына сенімдіміз», - деді Бас директор Марат Елеусінов.

Отбасылық үлгідегі балалар ауылында 3 пен 18 жас аралығындағы 30 ұл-қыз бар. Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мұнда 4 отбасыға бөлініп, тәрбиеленіп жатыр.Балалар ауылында олардың алаңсыз өмір сүріп, білім алып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға барлық жағдай жасалған. Енді балалар мұнайшылар сыйға тартқан велосипедтермен үй ауласында бос уақытын көңілді өткізетініне дән риза.

«Велосипедтер өте әдемі. Маған қатты ұнады. Енді достарыммен бірге бәріміз бірге серуендейтін болдық. Мұнайшы ағаларға көп рақмет! Денсаулықтарыңыз мықты, жұмыстарыңыз табысты болсын!», - деді балалар ауылының тәрбиеленушісі Раяна Таңбаева.

Жақсылыққа жаны құштар қаражанбастықтар аталмыш акцияны әлі де жалғастырмақ. Алдағы уақытта Түпқараған ауданының көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының ұл-қыздарына велосипедтер табыстау жоспарланып отыр.