Көлік қызметкерлері жаңа арнайы техникаларды қуанышпен қабылдады. Енді кен орны аумағында ірі жүктерді тасымалдау едәуір жеңілдей түспек.
«Жаңа жүк көліктері жұмысымыздың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Автопаркті жаңартып, еңбек жағдайын жақсартуға баса назар аударған басшылыққа алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті көлік қызметкерлері.
Айта кетейік, жыл басынан бері ҚБМ автопаркіне 50-ге жуық арнайы техника келді. Көліктерді жаңғырту келесі жылы да жалғасады.